Саясат

Батыс барлауы: Путин Украинадағы соғысты кем дегенде қыс соңына дейін жалғастыруды көздеп отыр

Батыс барлауы: Путин Украинадағы соғысты кем дегенде қыс соңына дейін жалғастыруды көздеп отыр

Путин мен Си

Ресей президенті Владимир Путин Қытайда АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуге дайындалып жатқанына қарамастан, Украинадағы соғысты кем дегенде қыс мезгілінің соңына дейін жалғастыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы The New York Times батыс елдерінің барлау қызметтеріне сілтеме жасап хабарлады.

Барлау қызметтерінің бағалауынша, Мәскеу майдан шебінде одан әрі ілгерілеп, Киевке түсетін әскери және саяси қысымды күшейтуді көздейді. Сонымен қатар Ресей адам шығынының артуы, әскер қатарына азаматтарды тартудағы қиындықтар және экономикалық мәселелермен бетпе-бет келіп отыр.

Басылымның жазуынша, Путин алдағы кездесулерді Ресейге қарсы санкцияларды жеңілдету мәселесін көтеру үшін пайдалануы мүмкін. Сондай-ақ Қытай төрағасы Си Цзиньпин мен АҚШ президенті Дональд Трамппен бір алаңда кездесудің өзі Мәскеу үшін маңызды дипломатиялық жетістік болмақ.

Бұл арқылы Ресей өзін әлемдік саясаттағы ықпалды держава ретінде көрсетуге тырыспақ.

Тағы бір барлау қызметінің бағалауынша, Мәскеу келісімге келу үшін Украина Донбасс аумағын толығымен Ресейге беруі және НАТО-ға қосылудан бас тартуы керек деген талап қоюы мүмкін. Алайда Киев мұндай шарттарды қабылдауға келіспеуі ықтимал.

Бұған қоса, Еуропаның кейбір өкілдері Кремль келіссөздерді созбалаңға салып, 2027 жылы Еуропа елдерінде өтетін сайлаулардан кейін Украинаға көрсетілетін қолдауға қатысты саяси келіспеушіліктер күшейеді деп үміттенуі мүмкін деп есептейді.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз