Си Цзиньпин, Путин мен Трамп саммиттің ашылу салтанатына қатысты
Қытай төрағасы Си Цзиньпин, Ресей президенті Владимир Путин және АҚШ президенті Дональд Трамп Шэньчжэнь қаласындағы Халықаралық алмасу орталығына жиналды.
Олар Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭС) саммитінің пленарлық отырысы басталар алдында дәстүрлі фотоға түсті.
Бейсенбідегі басты оқиға – Қытай, Ресей және АҚШ басшыларының үшжақты келіссөзі. Кездесу Шэньчжэньдегі мемлекеттік резиденцияда өтеді.
Бір күн бұрын Си Цзиньпин Дональд Трампты Шэньчжэнь әуежайында ұшақ трапынан жеке өзі қарсы алған. Ал Трамптың бейсенбідегі кестесінде Владимир Путинмен жеке кездесу де бар.
Айта кетейік, Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы 1989 жылы Австралияның Канберра қаласында 12 елдің бейресми диалог алаңы ретінде құрылған. Қазір ұйымға мүше елдердің үлесіне әлемдік жалпы ішкі өнімнің шамамен 62 пайызы және жаһандық сауданың жартысына жуығы тиесілі.