Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:12, 17 Қыркүйек 2024

Байден Трамптың «қастандықтан» зардап шекпегеніне жеңілдеп қалғанын айтты

v
Фото: aa.com.tr

АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден елдің бұрынғы көшбасшысы Дональд Трамппен телефон арқылы байланысып, «қастандық болуы мүмкін» болған оқиғадан кейін оның жарақат алмағанын білгенде жеңілдеп қалғанын айтты.  

«Президент Байден жаңа ғана бұрынғы президент Трамппен сөйлесіп, оның жақсы екенін біліп, жеңілдеп қалғанын білдірді», - делінген Ақ үй мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, хабарламада Байден мен Трамптың «жылы сөйлескені» және бұрынғы президент Трамп Байденге телефон қоңырауы үшін алғыс білдіргені айтылады.

Ал, Республикалық партиядан президенттікке үміткер Дональд Трамп Ақ үй басшысымен «жылы сөйлескенін» растайды.

Ақ үйдің хабарлауынша, Байден оқиғадан кейін бірден Трампқа телефон соққан, бірақ онымен байланыса алмаған. Алайда, Байден Трамппен кейінірек арнайы сөйлесті.

Айта кетейік, 15 қыркүйек күні кешке Дональд Трамп ойнап жүрген Вест-Палм-Бичтегі (Флорида) гольф клубында атыс болып, саясаткерге оқ атылды. АҚШ Федералдық тергеу бюросы (ФБР) Трампқа «қастандық болып көрінген нәрсені» тергеп жатқанын айтты.