Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:42, 09 Шілде 2024

Байден Украинаның әуе қорғанысын күшейту шараларын қабылдауға уәде берді

п
Фото: AP Photo / Gerald Herbert

АҚШ президенті Джо Байден 36 адамның өмірін қиған Ресейдің Киев пен басқа қалаларына жасаған соққыларынан кейін Украинаның әуе қорғанысын күшейту бойынша жаңа шаралар қабылдайтынын жариялады.

«Ресейдің зымырандық соққылары ондаған украиндықтардың өмірін қиып, Киевтегі ең үлкен балалар ауруханасына зақым келтіріп, бүлдірді. Әлемнің Украинаны қолдауын жалғастыруы өте маңызды», - делінген хабарламада.

Байден Вашингтондағы НАТО саммитінде Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуде АҚШ-тың Украинаны үнемі қолдауға ниетті екенін айтты.

«Одақтастарымызбен бірге біз Украинаның қалалары мен бейбіт тұрғындарын ресейлік соққылардан қорғауға көмектесу үшін оның әуе қорғанысын нығайтудың жаңа шараларын жариялаймыз. Америка Құрама Штаттары Украина халқымен бірге», - деп қосты Байден.