16:05, 29 Қаңтар 2024
Белгиялық Жәнібектің анасына қатысты тың дерек шықты
Жәнібектің анасы болуы мүмкін екі әйелдің ДНҚ сараптамасы теріс көрсеткіш көрсетті. Енді тағы бір ана ДНҚ тапсырмақ, деп жазды Zhasalash.kz.
Журналист Қымбат Досжан бельгиялықтар асырап алған Жәнібектің тағы бір болжамды анасы ДНҚ тапсырғанын мәлімдеді.
"Әсем деген келіншек Астанаға арнайы алыстан келіп, ДНҚ тапсырып кетті", - деп жазды журналист.
22 жастағы Эдди Жанға дүниеге келгенде Жәнібек деген есім берілген. Алайда қазір Эдди Жан өзін Мұрат деп атап жүр.