Экономика

Бір жыл ішінде баспана құнының қанша пайызға қымбаттағанын жарияланды

Соңғы бір жыл ішінде қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы – 26,8%, жаңа тұрғын үйлерді сату 19,5% өсті.

Бір жыл ішінде баспана құнының қанша пайызға қымбаттағанын жарияланды

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімедеді. 

Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы маусымда 21% артты.

Өңірлер арасында жаңа салынған пәтерлер бойынша жылдық мәнде баға Нұр-Сұлтан қаласында едәуір өскен (27,9%-ға). Қолданыстағы пәтерлердің сатылымы бойынша бағаның ең жоғары өсімі – Қызылорда қаласында (46,7%) байқалса, тұрғын үйді жалға алу нарығында Алматы қаласы  (48,3%) көш басында тұр.

Жаңа тұрғын үйлердегі 1 шаршы метрдің орташа бағасы 423 705 теңгені құраса, пәтерлерді қайта сатуда 1 шаршы метр 465 515 теңгеден бағалануда.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз