Без Категории

Бішкек соты Өмірбек Текебаев пен Дүйшенқұл Чотоновтың үйқамақ мерзімін созды

Бішкектің Бірінші май аудандық соты «Ата Мекен» партиясының жетекшісі Өмірбек Текебаев пен бұрынғы министр, елші Дүйшенқұл Чотоновты үйқамақта қалдырды.

Бішкек соты Өмірбек Текебаев пен Дүйшенқұл Чотоновтың үйқамақ мерзімін созды

28 қазанда сот талқылауына берілген екі ай мерзім аяқталған болатын. Судья істі қарау мерзімін ұзартқан соң Текебаев пен Чотоновтың үйқамақ мерзімі де ұзарды.

21 тамызда Қырғызстан жоғарғы соты бұрынғы үкімнің күшін жойып, Өмірбек Текебаев пен Дүйшенқұл Чотонов ісін қайта қарауға жіберген.

29 тамызда Бірінші май соты Текебаев пен Чотоновты абақтыдан босатып, үйқамаққа алды.

2017 жылы Ресей кәсіпкері Леонид Маевскийдің "Текебаев пен Чотонов бір миллион доллар пара алды" деген куәлігі бойынша екеуі 8 жылға сотталған. Олар тағылған айыпты жала деп санап, бұрынғы "президент Атамбаев саяси мақсатта қуығндап отыр" деп мәлімдеген.

AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз