Оқиғалар

Блок-бекеттегі апат: қылмысты әдейі жасаған ба? (видео)

Алматы іргесіндегі блок-бекеттегіапатқа байланысты телеарнаға сұхбат берген қорғаушы ЖангелдіСүлейманов: – Менің ойымша, тергеужұмыстарында бір шикілік бар.

Блок-бекеттегі апат: қылмысты әдейі жасаған ба? (видео)

Қылмыстық кодекстің 99- бабында, қылмыс белгілібір мақсатпен жасалуы мүмкін екені қарастырылған. Яғни, күдікті ішімдік ішіпкөлікке отырды, өзі соғылған патрульдік көлікте адамдар отырғанын білді депойлаймын. Демек, ол қылмысты әдейі жасауы мүмкін немесе істеп жүрген ісіне есепбермеді,-дейді.

       Еске салайық,  бұл оқиға 25 мамырда, сағат 05.26-даболған.  БМВ көлігінің жүргізушісі, 1992ж.т. азамат А.  Алматы облысы, Қарасайауданы, Көксай ықшамауданында, № 4 өткізу пунктінен өтпек болған. Ол алдымен  бетон қоршауды соққан, содан кейін патрульдіккөлікке соқтығысқан,  көліктің салонындаболған  екі полиция қызметкері ауырсоққыдан көз жұмған болатын. Сондай-ақ бұл апат салдарынан  тағы бір полиция қызметкері зардап шеккені белгілі болды.  Зардапшеккен есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкері Ербұлан Сейдазым жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы №7 қалалық клиникалықаурухананың нейрохиругы, Ерлан Түбелбаев:

– Науқастың жағдайы тұрақты ауырлықта. Бас-миынакомпьютерлі томография жасалынды. Науқас өкпе желдету аппаратында. Жансақтаубөлімінде қарқынды ем жүргізуде,-деді.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз