Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 09:00

Bloomberg қазақ магнаты мемлекетке 1 млрд доллар төлеуге келіспек екенін жазды

Құлыбаев
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық миллиардер Тимур Құлыбаев Назарбаевтың билігі кезінде жинаған байлығына қатысты үкіметтің тергеуі аясында мемлекетке 1 млрд доллар төлеу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. 

"Келісімге келер болса, Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеубаласы Тимур Құлыбаев қаржының бір бөлігін ақшалай, қалғанын инвестиция түрінде төлейді", – деп хабарлады агенттік.

Bloomberg дереккөздерінің мәліметінше, Құлыбаев төлем жасағанмен, бұл оның кінәсін мойындау дегенді білдірмейді.

Агенттіктің жазуынша, Құлыбаевтың өкілі бұл мәселе мемлекеттік істерге қатысты деп, тікелей пікір білдіруден бас тартқан, бірақ "кез келген төлемді активтерді қайтару деп атаған дұрыс емес" деп айтқан. Миллиардердің өкілі "осы жылдар ішінде Құлыбаев елдің экономикалық және әлеуметтік дамуына елеулі үлес қосты және "осы бағытта үкіметпен өзара әрекет етуді жалғастырып отыр" деп жауап берген.