Саясат

Болат Назарбаев автобазарынан айырылуы мүмкін - БАҚ

Болат Назарбаев «Барыс» автобазарынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы «Пятый регион» хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болат Назарбаев автобазарынан айырылуы мүмкін - БАҚ

Басылымның мәліметінше, Қарасай ауданының сотында прокуратура, жергілікті әкімдік және Болат Назарбаев арасында сот процесі жүріп жатыр.

"Қарасай ауданының прокуратурасы жалпы көлемі 35 гектардан асатын жер телімдерін сату келісім-шарттарын жарамсыз деп тануын талап етеді. Оның себебі қарапайым: бұл учаскелер ауыл шаруашылығы жерлеріне тиесілі «суармалы егістік» болған, ал Жер кодексіне сәйкес ауыл шаруашылығы жерлері ерекше қорғауға жатады. Белгіленген мақсатты дәлелді себепсіз өзгертуге жол берілмейді", — деп жазады «Пятый регион».

БАҚ жерді беру дерегі өрескел заңбұзушылықпен жүргізілгенін баса айтады. Сондықтан прокурорлар сатып алу-сату келісімдерін жарамсыз деп танып, мемлекет балансына қайтаруды талап еткен.

2004-2019 жылдар аралығында жер телімдерін сату бойынша 7 келісім-шарт жасалған. Мемлекеттік жерлер әр уақытта берілді: Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы әкімдігі және аудандық жер қатынастары бөлімі.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз