Саясат

Ботагөз Омарованың ісі жақын арада сотқа жолданады – ІІМ

Журналист Ботагөз Омароваға қатысты істі тергеу аяқталды, жақын арада ол сотқа жолданады. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов хабарлады.

Ботагөз Омарова

«Омароваға қатысты сот шешімімен үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған. Қазіргі уақытта қылмыстық істі тергеу аяқталды, жақын арада ол сотқа жіберіледі», – деді Әділов сәрсенбі күні Мәжіліс кулуарында.

Айта кетейік, Омароваға, сондай-ақ Orda.kz сайтының бұрынғы бас редакторы Гүлнар Бажкеноваға, «КазТАГ» халықаралық ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаевқа және «КазТАГ» бас редакторы Әмір Қасеновке қатысты қылмыстық істер бірнеше рет құқық қорғаушылардың, соның ішінде беделді халықаралық құқық қорғау ұйымдарының Қазақстан билігіне үндеу жасауына себеп болған.

Сонымен қатар бұл істер Қазақстандағы АҚШ елшілігі мен Еуропалық одақ елдері елшіліктерінің де назарында қалып отыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз