Бішкекте «Ы» әрпіне ескерткіш орнатылады
Бішкекте «Ы әрпі» ескерткіші пайда болады. Бұл туралы Қырғызстандағы «Российская газета» хабарлады.
Арт-объектіні «Российская газета» мен Бішкек қалалық әкімшілігі 29 сәуірде қала күні елордадағы «Ынтымақ» саябағында ашатыны атап өтілді.
«Ы» әрпі – Қырғызстанның қасиетті және мағыналық анықтамасының ескерткіші. Қырғызша-орысша сөздікте «Ы» әрпінен басталатын 600-ден астам сөз бар. Атап айтқанда, қырғыз тілінде осы дыбыс пен сәйкес әріптің болуының арқасында «Kyrgyz», «Kyrgyz people», «Kyrgyzstan» брендтері сыртқы әлемде лайықты және шынайы қабылданады», - деп атап өтті басылым.
Арт нысаны келушіні Қырғызстан туралы негізгі ақпаратқа: географиялық ақпаратқа, елдің және оның халқының қысқаша тарихына, қысқаша орысша-қырғызша сөздікке және сөз тіркестеріне бағыттайтын QR кодымен жабдықталады. Ақпарат екі тілде: мемлекеттік қырғыз және ресми орыс тілінде жарияланады.
Фото: Улукбек Шамбетов