Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
23:00, 29 Сәуір 2024

Бұрынғы ішкі істер министрі ұсталды - БАҚ

Ерлан Тұрғымбаев
Фото: из открытых источников

Қазақстанның бұрынғы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қаңтар оқиғасы ісі бойынша ұсталғаны туралы ақпарат тарады.

“Бұл шешімді арнайы прокурорлар Тұрғымбаевқа қатысты 2022 жылғы "қаңтар оқиғаcы" кезінде лауазымын асыра пайдалану бабы бойынша қылмыстық іс аясында қабылдады", - делінген хабарламада.

Ішкі істер министрлігі мен прокуратура бұл ақпаратты әзірге ресми растаған жоқ.

Айта кетейік, Бұған дейін Бас прокуратура Тұрғымбаевты қаңтар оқиғасы ісі бойынша тергеп жатқаны белгілі болған еді.

Тұрғымбаев ІІМ-ін 2019 жылдың ақпанынан бастап басқарды. Ал 2022 жылы Қаңтар оқиғасынан кейін көп ұзамай қызметінен босатылды.