Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:35, 06 Мамыр 2024

БҰҰ Газа секторында ашаршылық басталғанын мәлімдеді

в
Фото: из открытых источников

БҰҰ Газа секторының солтүстігінде ашаршылық басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты.

Көптеген отбасылар тамақтанудан бас тартуға, күніне бір рет тамақтануға мәжбүр. Анклавтың солтүстік бөлігінде жағдай өте қиын. Соғыс шамамен жеті ай бұрын басталғаннан бері гуманитарлық көмекке келетін жүк көліктерінің саны күрт төмендеген деп жазады, Euronews басылымы.

Салдарынан Палестиналық отбасылар күніне бір рет қана тамақ ішуге, бірнеше апта бойы көкөністерді жеуге, бір рационды бірнеше адамға бөлуге мәжбүр.

Израильдің азық-түлікпен қамтамасыз етуге қатаң шектеулері аясында анклавтың солтүстік бөлігінде қиын жағдай тіркелді. БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының басшысы Синди Маккейн толық аштық бар екенін айтып, оның оңтүстік аймақта да өршіп бара жатқанын айтты.

Фото: ООН

Тегтер: