15:17, 18 Қыркүйек 2024
БҰҰ Курск облысының Украина қарулы күштері бақылауындағы бөлігіне көмек жіберуге дайын
БҰҰ гуманитарлық миссиясын Курск облысы аумағының украин әскерлері бақылауындағы бөлігіне жіберуге дайын. Ол үшін ұйымға Ресейдің рұқсаты қажет болады.
Бұған дейін Украина Сыртқы істер министрлігі БҰҰ мен Халықаралық Қызыл Крест комитетіне Украина қарулы күштерінің бақылауындағы Курск облысының аудандарында гуманитарлық әрекет ету шараларына қосылуды сұрап ресми түрде жүгінген.
Өз кезегінде, Қызыл Кресттің ресми өкілі Галина Балзамова РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында ұйым қызметкерлері Украина Қарулы Күштері басып алған аймақтарға баруға дайын екенін, бірақ тек екі жақтың қауіпсіздік кепілдігіне байланысты екенін мәлімдеді.