Саясат

CNN, MS NOW және Politico Трамп әкімшілігін Ақ үйге кіруге тыйым салғаны үшін сотқа берді

CNN, MS NOW және Politico бұқаралық ақпарат құралдары Трамп әкімшілігіне қарсы сотқа жүгінді. Бұған аталған басылымдардың журналистеріне Ақ үйде жұмыс істеуге қойылған шектеулер себеп болған.

Ақ үй

CNN мәліметінше, журналистердің аккредитациясы алдын ала ескертусіз жойылған. Бұған дейін Дональд Трамп CNN, MS NOW және Politico журналистеріне Ақ үйде жұмыс істеуге тыйым салғанын мәлімдеген. Ол бұл БАҚ-тарды «жалған жаңалықтар» таратты деп айыптаған.

Трамп журналистердің қалағанын жазуына болатынын, алайда Ақ үйге кіргізуге міндетті емес екенін айтқан. АҚШ президенті Ақ үйдің еркін баспасөзге қарсы емес екенін, өзі «жалған жаңалықтар» деп атайтын ақпаратпен күресіп жатқанын мәлімдеді.

«Ақ үй мен бағалайтын еркін баспасөзге шабуыл жасап жатқан жоқ. Ол сүйікті Америкамызда қатерлі ісік секілді өршіп кеткен ЖАЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАРҒА қарсы күресіп жатыр», - деп жазды Трамп әлеуметтік желіде.

Ол жалған жаңалықтардың таралуын сыбайлас жемқорлық сипатындағы, қасақана әрі ауқымды құбылыс деп атап, оның АҚШ ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретінін мәлімдеді.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз