Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:05, 28 Наурыз 2024

Crocus City Hall-дағы терактіден қайтыс болғандар саны 143 ке жетті

а
Фото:

Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі Crocus City Hall-да болған терактіде 143 адамның қаза тапқанын мәлімдеді.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко лаңкестік әрекеттен зардап шеккендердің бірі қайтыс болғанын, төртеуінің жағдайы ауыр екенін айтқан. Ол кезде 19 науқас ауыр халде болған, оның үшеуі бала. Тағы 34 зардап шегушінің жағдайы орташа ауыр, ал 23 зардап шегуші ауруханада емделіп, шығуға дайындалуда. Мурашконың айтуынша, 76 зардап шегуші ауруханадан шығарылды, 205 науқасқа амбулаторлық көмек көрсетілді.

24 наурыз күні кешке Мәскеу облысының денсаулық сақтау министрлігі лаңкестік әрекеттен 182 құрбан болғанын хабарлады.

Кеше Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары лаңкестік әрекет болған жерде іздеу жұмыстарын аяқтады. Үйінді астында қалған адам жоқ, - деп хабарлады ведомство.\

Айта кетейік, 22 наурыз күні кешке қарулы адамдар Крокус Сити Холлда Пикник тобының концерті алдында жиналғандарға шабуыл жасады. Олар адамдарға оқ жаудырып, ғимаратты өртеп жіберді.

Шабуыл үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» (Ресейде тыйым салынған) террористік ұйымы өз мойнына алғанын The New York Times және Reuters шабуылдан бірнеше сағат өткен соң хабарлады.

Фото: Андрей Любимов / РБК