Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:17, 08 Қаңтар 2025

Дамаскіде халықаралық әуе қатынасы қалпына келтірілді

1
Фото: из открытых источников

Катардан Qatar Airways ұшағы Дамаскіге,  Syrian Airlines ұшағы Шарджаға ұшты.

2024 жылы желтоқсанда Башар Асад режимі құлатылғаннан кейін бір айға жуық үзілістен кейін Дамаск әуежайында халықаралық әуе қатынасы қайта жанданды. 

Таңертең Дамаскіге Катардан Qatar Airways ұшағы келді. Бұл соңғы 13 жылда Сирия астанасына қонған алғашқы коммерциялық рейс. Жолаушылар айтарлықтай көтеріңкі көңіл-күймен ұшқан. Кейбіреулер өздерімен бірге Асадтың қарсыластары пайдаланған туларды алып кеткен. Qatar Airways Сирияға аптасына үш рейс жасауды жоспарлап отыр. «Бүгін жаңа бастама», - деді әуежай директоры Анис Фаллоух.

Иорданияның Петра мемлекеттік агенттігінің хабарлауынша, 7 қаңтарда Royal Jordanian ұлттық әуе компаниясының алғашқы сынақ рейсі де Дамаскіге ұшқан. Осыған байланысты әуе тасымалдаушысы Сирия билігіне қатысты «қолдау және ынтымақтастық» қимылын жариялады. Бұл рейс әуежайдағы техникалық жағдайды бағалауға бағытталған, деп хабарлады Иорданияның Ұлттық авиациялық басқармасы.

Тегтер: