13:41, 26 Қаңтар 2024
Дәрігер қанттан бас тартқанда ағзада болатын өзгерістерді айтты

Қантты көп тұтыну ағзаның жұмысын тоқтататын жүрек ауруына, қатерлі ісікке, сондай-ақ қант диабетіне шалдықтырады, деп хабарлайды Zhashalash.kz.
Сарапшы, диетолог Даниэль Крамбл Смит бірден рационнан қантты алып тастамай, тұтынуды бірте-бірте азайтуды ұсынды.
Егер қанттан бас тартса, ағзада қандай өзгерістер болады?
- қант деңгейі мен метаболикалық денсаулығыңыз жақсарады. Көп қант жеу қандағы қант деңгейінің жоғарылауына әкеледі, бұл ұйқы безінің көбірек инсулин шығаруына әкеледі.
- жүрек-қан тамырлары ауруларына қауіп азаяды. Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының (CШС) мәліметтері бойынша, АҚШ-та жүрек-қан тамырлары аурулары мезгілсіз өлімге әкеліп соғады.
- салмақ жоғалтуға көмектеседі. Күнделікті тәттілерді танертең және кешкі астан кейін тұтынбау салмақ жоғалтуға көмектесетіні белгілі. Сәйкесінше, тұтынатын калория мөлшері төмендейді.
- диетологтың пікірінше, қантты тұтыну ұйқыны реттеуде маңызды рөл атқаратын серотонин және мелатонин сияқты гормондардың өндірісі мен реттелуіне әсер етеді.