Без Категории

Дәрігерлер бақсының ақыл-есі дұрыс емес дейді, адвокаттар сараптамаға сенбейді

Тергеушілер тағайындаған психологиялық-психиатриялық сараптама саха бақсысы Александр Габышевтің "ақыл-есі дұрыс емес" деген қорытынды жасады.

Дәрігерлер бақсының ақыл-есі дұрыс емес дейді, адвокаттар сараптамаға сенбейді

Бұл ақпаратты "Сибирь.Реалии" сайтына "Открытая Россия" қозғалысының үйлестірушісі Валентина Дехтяренко хабарлады. Александр Габышев — "Кремльден Путинді аластату үшін" жолға шығып, Иркутскі облысында қамауға алынған Якутия тұрғыны.

Сараптама қорытындысына күмән келтірген Габышев адвокаттары тәуелсіз сараптама жасатуды жоспарлап отыр. Олардың пікірінше, қысқа уақыт ішінде "амбулаторлық сараптама" адамның ақыл-есі жағдайына дәл баға бере алмайды.

"Біз сарапшылармен сөйлесіп көрдік, олар сараптама нәтижесіне күмәнданып отыр. Сенбі күні ғана құжатпен таныса алдық. Александр Габышевтің жағдайына сараптама нәтижесі әсер етпеуі тиіс — ол елден кетпеу туралы қолхат берген. Ол — күдікті, әзірге айып тағылмады" деді Дехтяренко.

Саха бақсысыАлександр Габышев наурыз айында "Путинді Кремльден аластау үшін" Мәскеуге жаяу шыққан еді. Оны полиция Бурятия мен Иркутск облысының шекарасы маңында 19 қыркүйекте ұстаған.

20 қыркүйекте Якутск қаласына әкеліп, кейіннен психиатриялық тексеруге жіберген. Оның үстінен "экстремизм" бойынша қылмыстық іс қозғап, ешқайда кетпеу туралы қолхат алған. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұған дейін Габышевтің ұсталуына "Кремльдің еш қатысы жоғын" айтқан еді.

Габышевтің "Кремльге жорығын" жалғастырмақ болған жақтастары 25 қыркүйекте "ФСБ-дан қысым көргенін" айтып, отрядты таратып, сапарды аяқтауға мәжбүр болғанын хабарлады.

Amnesty International адам құқығын қорғау ұйымы саха бақсысын "ар-ұждан тұтқыны" деп атап, босатуды талап етті.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз