Аймақ

Дәрігерлер сақтық шараларын сақтауға шақырды

Шымкент қаласында 1 тамыздан бастап covid-19 белгілері бар пневмониямен 869 науқас тіркелді.

Дәрігерлер сақтық шараларын сақтауға шақырды

Өткен тәулікте тіркелгені 1 жағдай.  2020 жылғы 12 қазандағы жағдай бойынша COVID-19 – дың 5203 жағдайы тіркелген.  Оның ішінде — 2648 симптомдық, 2554 – симптомсыз. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сондай-ақ, қалада 11 қаңтардан 12 қазанға дейін пневмонияның 18 341 жағдайы тіркелген болса, оның 18 191-і ауруынан айыққан.

Бүгінгі таңда коронавирустан емделген науқастар саны  5 108-ге жетті.

Қалалық  денсаулық сақтау басқармасының мамандары инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында сақтық шараларын қатаң ұстану қажеттігін ескертеді.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз