Без Категории

ДДСҰ: Ресейде ішімдік ішу азайып, өмір сүру ұзақтығы жоғарылады

Ресейде 2003 пен 2016 жылдар аралығында ішімдік ішу 43 пайызға азайып, өмір сүру ұзақтығы жоғарылады делінген дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) баяндамасында.

ДДСҰ: Ресейде ішімдік ішу азайып, өмір сүру ұзақтығы жоғарылады

1 қазанда жарияланған ұйым есебінде авторлар бұл өзгерісті Ресейдегі ішімдік ішуді шектеу және салауатты өмір сүру шараларымен байланыстырған. Сондай қадамдардың арқасында Ресейде орташа өмір сүру ұзақтығы 2018 жылы алғаш рет ең жоғары межеге жеткен (ерлер арасында — 68 жас, әйелдер арасында — 78 жас).

Ресей әлем бойынша ішімдік көп ішетін елдер қатарына жатса да, ішімдікпен күрес бойынша өзге елдерге үлгі бола алады деп санайды ДДСҰ сарапшысы Карина Феррейра Боржес.

Ресейде адам өлімінің негізгі себебі ішімдік көп ішу екені көптен бері айтылып келеді. 2000 жылдардың басынан бері жүргізіле бастаған ішімдікті шектеу шаралары — атап айтқанда, жарнаманы шектеу, ішімдік салығын өсіру, белгілі бір уақыт аралығында ішімдік сатуға тыйым салу ішімдікпен байланысты өлім санын азайтуға септескен. ​

Оқи отырыңыз: Арақ ішу жөнінен Қазақстан бесінші орынға шықты

Дерек бойынша, 2016 жылы жан басына шаққанда Ресейде әр адамға 11,7 литр арақтан келген.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз