Экономика

Доллардың құны 451 теңгеге көтерілді

Қазақстанда доллардың құны 451 теңгеге көтерілді, деп хабарлайды «Жас Алаш». Бүгін Ресей президенті Владимир Путиннің Донбаста арнайы операция өткізу туралы мәлімдемесінен Мосбиржидің таңертеңгі сессиясында доллардың рубльге шаққандағы бағамы 84 болса, еуро 94,6 рубльге дейін өсті.

Доллардың құны 451 теңгеге көтерілді

Бұл жағдай теңгеге де әсер етті. Нұр-Сұлтан қаласының валюта айырбастау орындарында 1 доллар 451 теңгеден сатылып жатыр.

Қолма-қол валюта қазірдің өзінде Алматыда бір доллар үшін 455 және тіпті 458 теңгеден саудалануда. Банктерде долларларды 452 теңгеден сатып алып, 458 теңгеден сатады.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз