Экономика

Доллардың ресми бағамы айтылды

Теңге бағамы нығайды, — деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы (KASE).Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы бірден 4,89 теңгеге төмендеп, 456,05 теңгеге тең болды.

Доллардың ресми бағамы айтылды

Доллардың 28 маусымдағы ресми бағамы - 460,95 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы — 454,91 теңге, сату — 459,33 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 454,34 теңгеден сатып алынып, 457,13 теңгеден сатылып жатыр.

Айта кетейік, күндізгі саудада рубльдің орташа бағамы 0,02 теңгеге төмендеп, 8,64 теңге болды. Бұл ретте рубльдің 28 маусымдағы ресми бағамы 8,66 теңге болып белгіленген.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз