Саясат

Дональд Трампқа қатысты сот отырысы 2024 жылы басталады

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трампқа қарсы құпия құжаттарға салғырт қарағаны үшін қозғалған істі сотта қарау процесі келесі жылдың 20 мамырында басталады.

Дональд Трампқа қатысты сот отырысы 2024 жылы басталады

Шешімді АҚШ-тың Флорида штаты Форт-Пирс қаласының аймақтық судбясы Эйлин Кэннон шығары, деп хабарлайды Zhasalash.kz сайты Centralasian.org-ке сілтеме жсап. 

Трамптың адвокаттары бұл мерзіммен келіспейді. Олар кез-келген процесс 2024 жылдың қараша айында президент сайлауы аяқталғаннан кейін басталуы тиіс дейді.

Дегенмен Трамптың ресми өкілі сот процесінің кестесі «президент Трампқа және оның заңгерлер командасына қылмыстық іске қарсы күресті жалғастыруға мүмкіндік береді» деді. Арнайы прокурор өкілі Джек Смит пікір білдіруден бас тартты.

8 маусымда Трампқа сегіз пункт бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оның бірі — ұлттық қауіпсіздікке қатысы бар құжаттарды заңсыз сақтау. Бұл ол президент қызметінен кеткен кезде болған. Трамп өзіне тағылған айыптарды мойындамайды.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз