Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:20, 04 Қазан 2024

Досаевтың Дубайдағы пәтерінің нарықтағы құны 300 млн теңгеден асады - БАҚ

у
Фото: elordainfo.kz

C4ADS мәліметтері бойынша, Досаевтың Дубайда ауданы 170 шаршы метрді құрайтын пәтері бар. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Басылым мәліметінше, Досаев Forbes басылымы жүргізетін бақуатты адамдар тізіміне кірген санаулы мемлекеттік қызметкердің қатарында.

C4ADS құжаттарына қарағанда Досаевтың Дубайда пәтері бар. Оны Дубай Марина ықшамауданындағы SHAMS тұрғын үй кешенінен алған. Үйдің аумағы шамамен 170 шаршы метр. Ал нарықтағы құны 300 млн теңгеден асады.

Тіркеу құжатына қарағанда, ол үйді 2005-2015 жылдар аралығында сатып алған. Досаев биліктен отставкаға кеткен 2006-2012 жылдары мұнай, қаржы саласында бизнеспен айналысқанын жоғарыда атап өттік. Forbes Kazakhstan журналы оның сол кездегі байлығын 110 млн доллар деп бағалаған, деп жазады басылым.

Азаттық Алматы әкіміне хат жолдап, Дубайдағы мүлкі туралы сұраған. Жауап хатта Досаевтың өзі де, әйелі де заң талаптарына сәйкес табыс декларациясын тапсыратыны жазылған.

Тегтер: