Қоғам

Каспийдегі оқиғадан аман қалған үш әскери қызметшіге «Ерлігі үшін» медалі берілді

Маңғыстау облысындағы төтенше жағдай кезінде аман қалған үш әскери қызметші "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды.

теңіз

Марапат әскери міндетін атқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін берілді.

Медальмен әскери қызметшілер Бекет Қуандық, Ақжол Темірхан және Никита Удалов марапатталды.

Бекет Қуандық пен Ақжол Темірхан 29011 әскери бөлімінде матрос, атқыш қызметін атқарады. Ал Никита Удалов осы әскери бөлімде санитарлық нұсқаушы маманы.

Еске салайық, Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілерді теңізге алып кеткен болатын. Оқиға салдарынан бірнеше әскери қызметші қаза тауып, үш әскери қызметші аман қалған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз