Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:08, 12 Ақпан 2024

Қатысушылардың қауіпсіздігі үшін Думан Мұхаметкәрімнің соты жабық түрде өтеді – Қонаев қалалық соты

Думан Мұхаметкәрім
Фото:

Бүгін, 12 ақпанда Қонаев қаласында өткен Думан Мұхаметкәрімге қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтті.

Оған экстремистік ұйымға (ҚК 405-бабы) қатысқаны және экстремистік қызметті қаржыландырғаны үшін айып тағылды (ҚК 258-бабы).

Отырыс сотталушы мен адвокат-қорғаушының өтініші бойынша ашық тәртіпте және оффлайн режимде өтті. Думан Мұхаметкәрімнің ісі бойынша сотқа жиналғандардың барлығы залға кіре алмады.

“Сот отырысы залының сыйымдылығын ескере отырып, процеске сотталушының барлық тілек білдірген жақын туыстары жіберілді. Сот залындағы орындар санының шектелуіне байланысты және басқа сот процестеріне кедергілерді болдырмау мақсатында осы сот процесіне барлық ниет білдірген адамдардың қатысуы мүмкін болмады”, - деді Қонаев қаласының сот өкілдері.

БАҚ өкілдері үшін отырыстың онлайн көрсетілімі бар жеке зал ұйымдастырылды.

“Тыңдау барысында сотқа процеске қатысушылардан бірнеше өтінішхаттар, оның ішінде жабық форматта қарау жайлі өтініш хат та түсті. ҚДТ-ның (Қазақстанның демократиялық таңдауы) қаупіне байланысты және процеске қатысушының қауіпсіздігі мақсатында қылмыстық істі қарау жабық режимге ауыстырылды, көрсетілген өтінішхат сот тарапынан қанағаттандырылды”, - деп хабарлады Қонаев қаласының сот өкілдері.

Негізгі сот талқылауы 2024 жылдың 19 ақпанына тағайындалды.