ЕАЭО елдері 25-тен астам маңызды мәселені қарастырды
Моңғолиямен еркін сауда аймақтары туралы келісімдер бойынша келіссөздер аяқталды, БАӘ-мен келіссөздер соңғы сатыда тұр.
ҚР сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова бұл келісімдер нарықтарды кеңейтіп қана қоймай, елдер арасындағы өндірістік байланыстарды нығайтуға да ықпал ететінін айтады.
Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясының есебі тыңдалды. Ол экспорттық несиелерді сақтандырып, бірлескен өндірістің тәуекелдерін қорғайтын болады.
«Бұл экспорттық несиелерді сақтандыру құралы, біздің тауарларымызды үшінші елдерге шығаруға бағытталған. Бірлесіп өндірілген өнімдердің тәуекелдері сақтандырылады. Осылайша, біз өнеркәсіптік кооперацияны ынталандырамыз. Сондай-ақ 2030 жылға дейін өнеркәсіптік ынтымақтастықты дамыту және көлік саясаты бойынша стратегиялық құжаттар қабылданды», - деп мәлімдеді ҚР сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова.