Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:23, 09 Ақпан 2024

Еден жуушы болып жұмысқа кіру 500 мың теңге – депутат

жемқорлық
Фото: из открытых источников

Мәжіліс отырысында депутат Дәулет Мұқаев барлық салада жемқорлық фактілері бар екенін, сондай-ақ қандай алгоритмдерді қолдану керегін айтты. 

"Барлық жерде ол бала туғаннан бастап азамат қайтыс болғанға дейін бар. Мысалы, бала туғанда балабақшаға, одан кейін мектепке орналастыру туралы сұрақтар туындайды, содан кейін басқа сұрақтар мысалы білім алу, отбасы, жұмысқа орналасу.

Бізге Қызылорда облысынан, өзге өңірлерден де азаматтарымыздан хаттар көп түседі. Мысалы, жай тазалықшы болып жұмысқа тұру үшін 500 мың теңге сұрайды, мұғалімдікке жұмысқа тұру үшін бір жарым миллионға дейін сұрайды, маған осындай хаттар келгенде Антикорға хабарласуды ұсынамын", – дейді депутат.

Оның айтуынша, Қызылорда облысы мен Шымкент қаласының тұрғындарынан көп хат түседі екен.

«Мысалы, жай ғана еден жуушы болып жұмысқа орналасу үшін 500 мың теңге сұрайды. Мұғалімдердің ставкасы 1-1,5 миллион теңге болып кеткен. Ондай хаттар өте көп», – дейді депутат.