Екібастұзда қоқыс жәшігінен бөлшектелген әйел мәйіті табылды
Екібастұзда аса ауыр қылмысқа қатысты тергеу басталды.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қаладағы қоқыс жәшіктерінің бірінен әйелдің бөлшектелген мәйіті салынған бірнеше қап табылған. Павлодар облысының полициясы адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайы, қылмыстың жасалу себептері мен өзге де жағдайлар сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында анықталып жатыр.