Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:30, 10 Қаңтар 2024

Экс-президенттің немере інісіне қатысты жаңа іс сотқа жіберілді

Қайрат Сатыбалды
Фото: из открытых источников

Қайрат Сатыбалдыға қатысты салық төлеуден жалтару фактісі бойынша қылмыстық іске тергеу жүріп жатқаны хабарланды, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

«Иә,Қайрат Сатыбалдыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 218-бабы (қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды.

Қылмыстық жолмен тапқан ақшаға Қайрат Сатыбалды шетелде де түрлі мүлікті иемденген. Ақшаны Қазақстандағы және шетелдегі банк шоттарына салған. Бұл іс қазірдің өзінде сотта қаралып жатыр. Сонымен қатар, салық төлеуден жалтаруға қатысты тағы бір іс қозғалды.

Тергеу жалғасып жатыр", - деп мәлімдеді ведомство өкілі.

Бұл мүліктердің барлығы Сатыбалдыдан тәркіленіп, мемлекеттің меншігіне өтті. Олардың жалпы құны 650 млрд теңгеден асады. Ал  2022 жылдың басынан бері қайтарылған активтер құны 912 млрд теңге. 

Еске саламыз, бұған дейін Шығыс Қазақстан соты Қайрат Сатыбалдының шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырмаған болатын.