Оқиғалар

Елорда тұрғыны өзгенің телефонынан заңсыз несие рәсімдеген

Елорда тұрғыны өзгенің телефоны арқылы заңсыз несие рәсімдеген, деп хабарлайды Polisia.kz.

полиция

Астана қаласының полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру дерегін ашып, қылмысқа қатысы бар 23 жастағы елорда тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында күдікті жәбірленушінің телефонынан, оның келісімінсіз мобильді қосымшасына кіргені анықталды. Кейін жәбірленушінің жеке деректерін пайдаланып, оның атына 1 млн 400 мың теңге көлемінде тауарлық несие рәсімдеген. Күдікті рәсімделген несие қаражатын өз мүддесіне жаратып, жәбірленушіге ірі көлемде материалдық шығын келтірген. 

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз