Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:00, 11 Сәуір 2024

Елордада көктемгі кәріз желілерін тазалау және ағаш отырғызу

1
Фото:

Биыл 13 сәуір мен 11 мамыр аралығында елордада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» айлығы өтеді.

Әрбір тұрғын елордада тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге өз үлесін қоса алады.

Экологиялық айлық шеңберінде қаланы, нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазарту, көшелерді, тротуарлар мен орамішілік аумақтарды тазалау, саябақтар мен скверлердегі жасыл желектерді күту бойынша маусымдық агротехникалық жұмыстар, сауда нысандарына іргелес аумақтарды жинау, көгалдар мен гүлзарларды орнату жөніндегі іс-шаралар, рұқсат етілмеген қоқыстарды жою жүргізіледі.

Сондай-ақ акция аясында 270 мыңнан астам жасыл желек отырғызу жоспарланып отыр.