Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:42, 25 Қараша 2021

Елордалық дәрігерлер Түркістанға келді

None
None

Республикалық деңгейдегі жоғары білікті медицина мамандары тәжірибе алмасу мақсатында Түркістан облысына арнайы сапармен келді.

 Олардың қатарында невролог, педиатриялық ревматолог, эндокринолог, гастроэнтеролог, кардиолог, ортопед, уролог мамандары бар. Оған қоса, ересектер үшін хирург, гинеколог, кардиолог, радиолог, интервенциялық хирург, репродуктолог және мейірбикелер келген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «UMC» корпоротивтік қорының медициналық директордың орынбасары Венера Алтынова мәлімдеді.

Сондай-ақ, брифингке қатысқан облыстық қоғамдық денсаулық басқарма басшысының орынбасары Ермек Атшыбайұлы Түркістан облысына Елордадан барлығы 11 дәрігер келгендігін айтты. Ел астанасынан келген медицина саласы мамандарының облыстағы сапары 3 күнге созылады. Олар Сарыағаш ауданының ауруханасына жұмыс сапарымен барады. Сонымен қатар, облыстық балалар ауруханасында консультативтік кеңестер өткізіліп, оталар жасалатын болады.

Жалпы соңғы жылдары Түркістан облысында дәрігерлердің халықаралық тәжірибелерді меңгеруіне жағдай жасалуда. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының бастамасымен шетелдің білікті дәрігерлерінің облысқа келіп, тренингтер өткізу дәстүрге айналды. Осындай тренингтер, шеберлік сағаттары облыстың медициналық мекемелерінде ұйымдастырылуда.  Сонымен бірге дәрігерлердің шетелде біліктілігін көтеру шаралары да жүргізіліп келеді.  

Тегтер: