Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:01, 24 Қаңтар 2024

Ең қанды шабуыл: палестиналықтар Израиль әскеріне жойқын соққы берді

Израиль
Фото: из открытых источников

Хамастың Газа секторындағы израильдік әскерилерге жасаған шабуылынан 24 израильдік сарбаз қаза тапты. Бұл палестиналықтардың 2023 жылдың 7 қазанынан бергі ең қанды шабуылы болды, деп хабарлайды Zhashalash.kz.

23 қаңтар күні ХАМАС Израиль танкісіне гранатометпен атқылады, соның салдарынан ХАМАС сарбаздары бар екі ғимарат қирады.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху болса, бұл соққына қақтығыс басталғаннан бергі «ең қиын күндердің бірі» деп атады. «Біз бұл күннен сабақ алып, сарбаздарымыздың өмірін сақтап қалу үшін бәрін жасауымыз керек», - деді саясаткер.

Палестина-Израиль қақтығысының шиеленісуі Газа секторының оңтүстік бөлігінде тіркелді. Бүгінде Хан-Юнис қаласы аймағында кескілескен ұрыс жүріп жатыр.