Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:57, 23 Ақпан 2024

Ең қымбат нан қай елде сатылады : Қазақстан нешінші орында?

нан
Фото: из открытых источников

Бір жыл ішінде республика бойынша барлығы 506,6 мың тонна нан өндірілді.

Energyprom сарапшылары жазғандай, қаңтарда негізгі өнімнің бағасы 5,6%-ға өсті.

Жоғары сортты ұннан жасалған бидай наны – 9,2%-ға, бірінші сұрыпты ұн – 4%-ға, қара бидай наны – 6,9%-ға қымбаттады.
Бағаның ең көп өсуі Абай облысында – 16%-ға, сондай-ақ Алматыда (15,9%) және Жетісу облысында (8,5%) байқалды.

Сондай-ақ, сарапшылардың 2024 жылдың ақпан айындағы мәліметі бойынша, Қазақстанда салмағы 500 грамм болатын бөлке нан 0,5 доллар тұрады. Басқа ТМД елдерімен салыстырғанда,

Әзірбайжанда нанның құны $0,42,
Қырғызстанда - 0,45 доллар,
Өзбекстанда – 0,47 доллар,
Ресейде - $0,51,
Украинада - $0,64,
Арменияда – $0,69.
Ең арзан нан Тунис пен Алжирде (0,16 доллар), ал ең қымбаты АҚШ-та (3,56 доллар) болды.

Тегтер: