Әлеумет

Еңбек инспекциясы 36 мыңнан астам қызметкердің құқығын қорғады

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында мемлекеттік еңбек инспекциясы 36 мыңнан астам қызметкердің еңбек құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етті.

еңбек

Бұл бағыттағы жұмыстар еңбек құқықтарын қорғау мен әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру мақсатында жүйелі түрде күшейтіліп келеді.

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 3 607 тексеру жүргізген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,6 пайызға көп. Тексеру барысында еңбек заңнамасының 4 мыңнан астам бұзушылығы анықталып, жұмыс берушілерге 2,3 мыңнан астам міндетті нұсқама берілді. Сонымен қатар, заң бұзғандарға қатысты әкімшілік ықпал ету шаралары қабылданды.

Атқарылған жұмыстың басты нәтижесі – азаматтардың нақты құқықтарының қорғалуы болды. Мемлекеттік еңбек инспекторларының араласуымен 36 мыңнан астам қызметкердің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Азаматтардың өтініштерінің басым бөлігі жалақыны уақытылы төлеу, еңбек қатынастарын заң талаптарына сай рәсімдеу, жұмыстан босату кезінде еңбек заңнамасын сақтау, еңбек демалысын беру және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты болған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз