Экономика

Енді 65 жастан асқан қазақстандықтар онлайн несие рәсімдей алмайды

Қарыз алуға өтініш беру үшін олар банк бөлімшесіне жеке барып, өтінім тапсыруы қажет. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов брифинг барысында мәлімдеді.

несие

Оның айтуынша, мұндай шешім егде жастағы азаматтарды телефон және интернет алаяқтарынан қорғау мақсатында қабылданған.

Сүлейменовтің сөзінше, алаяқтар көбіне қарт адамдармен байланысып, оларды өз атына ірі көлемде несие рәсімдеуге көндіреді. Мұндай заңсыз әрекеттердің басым бөлігі қашықтан жүзеге асады.

Ұлттық банк басшысы өткен жылы Парламент 18–21 жас аралығындағы жастар мен 65 жастан асқан азаматтарға несие беру тәртібіне өзгерістер енгізгенін еске салды.

Осылайша, егде жастағы азаматтар несие алу үшін міндетті түрде банкке жеке келуі тиіс. Бұл талап олардың қаржылық қауіпсіздігін күшейтіп, алаяқтық тәуекелдерін азайтуға бағытталған.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз