Әлеумет

Енді Отбасы банктен үй алу үшін 6 ай күтудің қажеті жоқ

15 қазаннан бастап Отбасы банктен аралық заем алу тәртібі өзгерді.

баспана

Енді баспана алғысы келетін азаматтарға депозиттегі ақшаны кемінде алты ай сақтау талап етілмейді.

Бұған дейін заем рәсімдеу үшін депозиттің бағалау көрсеткіші кемінде 5 болуы керек еді. Оған жету үшін қаражатты шотта алты айдан кем емес уақыт ұстау қажет болатын. Жаңа тәртіп бойынша депозитте заем сомасының 50 пайызы болуы және құрылыс компаниясынан пәтерді брондағанын растайтын құжат ұсынылуы керек.

Мысалы, 30 миллион теңге заем алатын адам депозитінде 15 миллион теңге ұстауы тиіс. Бұл қаражатты алты ай бойы жинау міндетті емес.

Заемның бастапқы жылдық мөлшерлемесі – 8,5 пайыз. Кейін ол 3,5–5 пайызға дейін төмендейді. BI Group осы бағдарлама аясында төрт қалада 600 пәтер ұсынбақ. Сондай-ақ SAT NS және QazaqStroy компанияларымен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек, "Наурыз" бағдарламасы бойынша мақұлданған заемдарды рәсімдеу мерзімі 30 желтоқсанға дейін ұзартылды.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз