Экономика

Француздар Қостанайда шошқа өсіргісі келеді

Қостанай қаласына Қазақстандағы Франция елшісі Филипп МАРТИНЭ келді. Сондай-ақ, делегация құрамында франциялық ірі компаниялардың өкілдері де болды.

Француздар Қостанайда шошқа өсіргісі келеді
Меймандар Қостанай облысында бірлесіп шошқа өсіргісі келетіндерін айтты. Елші білім мен мәдениет саласындағы байланысты арттырып жатқан Қостанайдағы орталық жайлы айтып өтті. Алайда, басты мәселе шошқа шаруашылығымен ацналысатын компания құру деді. Шоқа етін жергілікті нарық пен Қытайға экспорттау көзделуде. Бұл іспен 2005 жылы құрылған «Отрада» компаниясы айналысуға ынталы. Жоба халықаралық – акционерлер Франция (көбі) мен РФ. Серіктестер – Дания, Украина және Өзбекстан елдері. Облыс басшысы Архимед МҰХАМБЕТОВ француздардың ұсыныс қарастыруға дайын екенін жеткізді.    Фото:agrobk.ru
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз