Қоғам

Францияда мектеп оқушыларының наразылығы күшейіп барады

Бір апта ішінде Париж маңындағы наразылықтар бүкіл елдегі 1 200-ден астам мектепті қамтыған.

Франция

Оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналар сыныптардың шамадан тыс толуына, мұғалім тапшылығына және мектеп ғимараттарының нашар жағдайына қарсылық білдіріп жатыр.

Бірқатар қалада наразылық акциялары мектептерді бұғаттаумен қатар жүрген. Полиция көзден жас ағызатын газ бен резеңке оқ қолданған. 5 мыңнан астам адам ұсталып, зардап шеккендер бар.

Наразылықтың негізгі орталығы – Сен-Сен-Дени департаменті. Мұнда мұғалім жетіспегендіктен сабақтар жаппай тоқтатылып жатыр. Аймақтағы мектептердің үштен екісі наразылық акцияларына қатысуда.

Дағдарыс жағдайында Франция билігі білім беру саласына бөлінетін бюджетті 1,7%-ға арттырып, €65,5 млрд-қа жеткізуді жоспарлап отыр. Алайда бұл өсім инфляция деңгейінен төмен. Сондықтан кәсіподақтар ұсынылған шараларды жеткіліксіз деп санайды.

Француз оқушылары мен ата-аналары баршаға бірдей жағдай жасап, сапалы білім беруді талап етіп отыр.

Сайт  Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз