Саясат

Францияда тәртіпсіздік: Макрон халыққа үндеу жасады

Франция президенті Эммануэль Макрон 18 қазан күні елде болған наразылық пен тәртіпсіздіктерге байланысты халыққа үндеу жасады

Макррн

Макрон полиция қызметкерлеріне жасалған шабуылдарды, ғимараттарды өртеу мен дүкендерді тонауды қатаң айыптады. Оның айтуынша, тәртіпсіздіктер кезінде бірнеше жүз полицей мен жандарм жарақат алған.

«Қиратып-бүлдіргендер шығынды өтеуі тиіс. Дүкендерді тонағандар жауап береді. Республикаға қарсы әрекет жасағандар заң алдында жауапқа тартылады», – деді Франция президенті.

Макрон бейбіт шеруге шыққан азаматтар мен тәртіп бұзушыларды ажырата қарау қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ халықтың қымбатшылыққа қатысты алаңдаушылығын түсінетінін жеткізді.

17 қазанда Францияның бірнеше қаласында өмір сүру құнының өсуіне қарсы жаппай наразылық өтті. Әртүрлі мәлімет бойынша, шерулерге 500 мыңнан 800 мыңға дейін адам қатысқан.

Наразылық соңы тәртіпсіздікке ұласып, Парижде ондаған дүкен мен көлік бүлінді. Марсельде шерушілер мэрия ғимаратына басып кірсе, Лионда туристік кеңсе өртенген. Ел бойынша 2 мыңнан астам адам ұсталған.

Наразылыққа студенттер, кәсіподақ өкілдері, фермерлер және «сары жилеттілер» қозғалысының мүшелері қатысқан. Олар бағаның өсуіне, жанармайдың қымбаттауына және үкіметтің әлеуметтік-экономикалық саясатына қарсы шықты.

Редакция «Все СМИ» желісіне қатысады.
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз