Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:46, 25 Қаңтар 2024

Ғалымдар жүз жыл өмір сүретіндердің қан тобын атады

ұзақ өмір сүру
Фото: из открытых источников

Ғалымдар ұзақ өмір сүретін жандардың қан тобын айтты, деп жазды Zhasalash.kz.

Зерттеушілердің пікірінше, қанның құрамындағы антиденелер, эритроцитттер мен антигендер, сондай-ақ ерекше химиялық құрам адамның өмір сүру ұзақтығына әсер етеді. 

Тәжірибе барысында ғалымдар I қан тобы бар адамдардың жүрек-қан тамырлары ауруларымен азырақ ауыратынын анықтады. Сонымен қатар, олардың қанында қатерлі ісік пен инфекциялармен күресу үшін жасушалар табылған.

II қан тобы барлар қант диабетімен ауырады, ал III қан тобы барлар онкология мен тонзиллитпен ауырады. IV қан тобы бар адамдар жұқпалы аурулардан сақ болу керек, деп қорытындылады зерттеушілер.

Осы деректерге сүйене отырып, ғалымдар қан тобына қарай сараланған емдеу әдісін әзірлемек. Бұл тәсіл емдеудің тиімділігін арттырады деп күтілуде.