Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:40, 07 Желтоқсан 2021

Ғанибек Қазантаев, Қызылорда қаласының әкімі: Басты мақсат – халыққа жағдай жасау

None
None

     – Ғанибек Қонысбекұлы, қала тіршілігіне қан жүгіртетін – ең алдымен, оның өнеркәсібі.

Осы орайда, Сыр бойындағы қаланың өнеркәсібі қалай дамуда?

    – Қаламыздың бұл саладағы жетістігі ауыз толтырып айтарлықтай. Қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 2021 жылдың қаңтар-қазан айларында 455 674,1 млн теңгенің өнеркәсіп тауарларын өндіріп, өнім көлемі өткен жылмен салыстырғанда 97 пайызды құрап отыр. Кен өндіру өнеркәсібінде 383 084,3 млн теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 93,5 пайызды құрады. Бұл, жалпы, өнеркәсіп өнімінің 84,1 пайызына тиесілі. Есепті мерзімде 3 562 мың тонна мұнай өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 92,2 пайызды құрады. Табиғи газ өндіру 609,3 млн текше метрді құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 93,3 пайызды құрады. Өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 39 317,7 млн теңгені құрап, 115,7 пайызға артты. Бұл – жалпы, өнеркәсіп өнімінің 8,6 пайызы. Есепті мерзімде тамақ өнімдерін өндіру 105,4 пайызға, жеңіл өнеркәсіп 3,7 есеге, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру 103,2 пайызға, өзге металл емес минералдық өнімдерді өндіру 111,7 пайызға, машина жасау саласы 140,3 пайызға артып, мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 98,7 пайызды, химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру 76,1 пайызды құрады. Бұл статистика құр сандар емес, қаламыздың нақты даму көрсеткіші деп айта аламыз. Жалпы, қай жағынан болсын қаламыздың дамуы оң көрсеткішке ие екені қуантады. Алдағы уақытта Қызылорданың дамуы үшін әлі де көптеген жұмыстар атқару жоспарымызда бар.

    – Шыны керек, биылғы қуаңшылық ауыл шаруашылығы саласына  оңай тимей тұр. Осы орайда, өңірдің ауыл шаруашылығы туралы не айтасыз?

– 2021 жылдың 1 қарашасына дейінгі мәлімет бойынша мал шаруашылығында меншіктің барлық нысандары бойынша 25 693 бас ірі қара мал, оның ішінде 16 319 бас сиыр, 9538 бас жылқы, 2359 бас түйе, 26 070 бас қой мен ешкі, 15 024 құс өсірілуде. Өткен жылмен салыстырғанда ірі қара мал 119,4 пайызға, оның ішінде сиыр 158,1 пайызға, жылқы 121,3 пайызға, түйе 100,5 пайызға, қой мен ешкі басы 107 пайызға, құс 115,3 пайызға артқан. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2021 жылдың қаңтар-қазан айларында 12 738,5 млн теңгені құрап, өнімнің нақты көлемінің индексі 108,2 пайызға артты. Есепті мерзімде 1 714,4 тонна ет, 4 256,9 тонна сүт, 609,7 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ет өндіру 100,5 пайызға, сүт өндіру 101,8 пайызға, жұмыртқа өндіру 101,6 пайызға артқанын байқауға болады.

Биыл Қызылорда қаласына қарасты ауыл шаруашылығы құрылымының барлық нысандарында 8905 гектар жерге ауылшаруашылық дақылдары егілді, оның ішінде 4113 гектар жерге күріш, 990 гектарға бақша дақылдары, 500 гектарға картоп, 1328 гектар жерге көкөніс, 1278 гектар жерге мал азықтық дақылдар, 656 гектарға дәнді дақылдар және 40 гектар жерге майлы дақылдар орналастырылды. Сондай-ақ 1033 гектар жерге ескі жоңышқа егісінің және 245 гектарға жаңа жоңышқа дақылдарынан барлығы 3196 тонна жоңышқа шөбі жиналды. Сонымен қатар күздік бидайдың 100 гектары толығымен орылып, 90 тонна өнім жиналса, 424 гектар жаздық бидай дақылының 290 гектарынан 203 тонна өнім жиналды. Құрылыс қарқынының 101,5 пайызға артқанын айтуға болады. Жалпы, тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында биыл барлығы 11 403,4 млн теңге бөлінсе, қаланың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыру мақсатында 4 591,3 млн теңге бөлінді.

– Қаланың көркейіп, дамуы жөнінде не айтасыз?

– Жыл басынан бері 146,8 мың текше метр күл-қоқыс орталық полигонға шығарылып, залалсыздандырылды. Қаланың санитарлық тазалық жұмыстарын қамтамасыз етуге барлығы 743 млн теңге, оның ішінде9,1 млн теңге құрамында сынабы бар жарамсыз шамдарды жинау және залалсыздандыруға бөлінді. Абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына 1 436 млн теңге жұмсалды. Каналдар мен арықтарды тазалау, 5000 көшет сатып алу, көше бойларын қураған талдардан тазалау, химиялық улау, қала аумағындағы 10 субұрқақты ағымдағы жөндеу, күтіп ұстау жұмыстары жүргізілді. Қала аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласына ойын алаңдарын салуға қалалық бюджеттен 350 млн теңге бөлініп, осындай 25 алаң пайдалануға берілді. Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 1,9 млн теңгеге мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында қосымша дыбысты бағдаршамдар орнатылды. Нұрлы жер бағдарламасы аясында 11 көпқабатты тұрғын үйді қайта жаңғыртуға республикалық бюджеттен 681,9 млн теңге бөлінді. Басты мақсат – халықтың тұрмысына қолайлы жағдай жасау.

– Қала тұрғындарын әлеуметтік тұрғыдан қолдау жұмыстары қаншалықты жүзеге асуда?

– Халықтың аз қамтамасыз етілген әлжуаз топтарын әлеуметтік қолдау мақсатында 2021 жылдың 1 қарашасындағы есеп бойынша мемлекеттік атаулы көмекке 2 587,8 млн теңге бөлініп, оның 1 673,3 млн теңгесі төленді. Оның ішінде республикалық бюджеттен 1 585,4 млн теңге, қалалық бюджеттен 87,8 млн теңге. Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларына кепілдендірілген әлеуметтік топтама беруге республикалық бюджеттен 400 млн теңге бөлініп, бүгінгі күнге қаладағы 5181 балаға 241 млн теңге берілді. Тұрғын үй көмегі бойынша аз қамтамасыз етілген 2085 отбасыға 60,1 млн теңге төленді. Үйі өртенген азаматтарға материалдық көмекке, 27 отбасына 10,9 млн теңге қаралып, 22 отбасына 9,1 млн теңге төленді. Аз қамтылған көпбалалы отбасылардан шыққан жалпы білім беретін оқу орындарының оқушыларына қоғамдық көлікте жол жүруге 6800 балаға 90,8 млн теңге бөлінді, 2021 жылдың 1 қарашасындағы дерек бойынша 5069 балаға 26,4 млн теңге төленді. Облыс әкімінің гранты бойынша өңірге қажет мамандықтар бойынша аз қамтылған халықтың осал тобынан шыққан студенттерге 2021/22 оқу жылына оқу ақысы мен тамақтану және жатақханада тұру шығындарына 226 студентке 147,8 млн теңге бөлініп, бүгінгі күнге дейін 227 студентке 147,1 млн теңге төленген. Біз барлық уақытта халықтың мұң-мұқтажына көңіл бөлуге тырысамыз.   

Облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша Қызылорда қаласында экономикалық белсенді халық саны – 133,7 мың адам, ал жұмыссыз адам саны – 6249, жұмыссыздық деңгейі бүгінгі күні 4,7 пайызды құрап отыр. 2021 жылдың 1 қарашасына дейін тіркелген жұмыссыздардың жалпы саны 4152 адамды құрап, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 3,1 пайызды құрады. Қала аумағынан жаңадан 9612 жаңа жұмыс орындары ашылды, оның ішінде 5011 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

– «Болашағымыз – жастар» дейміз. Осы орайда, қала жастарының тыныс-тіршілігімен таныстыра кетсеңіз.

– 2020/21 оқу жылында қала мектептерінде 68 709 оқушы білім алды, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 4755 оқушыға артып отыр. Қызылорда қаласында ҰБТ қорытындысы бойынша жалпы орташа көрсеткіш 81,5 баллды құрады. Жастар саясаты бойынша Қызылорда қаласында статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2020 жылы 14 пен 29 жас аралығында 68 297 жас тіркелген. Бұл жалпы халықтың 21,8 пайызын құрайды. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында Қызылорда қаласында қала әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес жұмыс істейді. Кеңес отырысы қала әкімінің төрағалығымен жылына екі рет өткізіледі.

Тегтер: