Без Категории

Германиядағы карнавалда 30 адамды көлік қақты

Батыс Германияда өтіп жатқан карнавалға соққан көлік кем дегенде 30 адамды майып қылды.

Германиядағы карнавалда 30 адамды көлік қақты

Оқиға Берлин қаласынан төрт жүз шақырым жердегі Фолькмарсен қаласында болған. Жүргізушіні қамауға алған полиция көлік карнавалға әдейі соқты ма, жоқ па деген сұраққа әзірге нақты жауап берген жоқ.

Оқиғаны көргендердің HNA сайтынахабарлауынша, жүргізуші карнавалдағы балаларға қарай әдейі қатты жүргенге ұқсайды.Бұл оқиғадан бірер апта бұрын Орталық Германияның Ханау қаласында қарулы адам әуелі 11 адамды, сосын өзін өлтірген еді. Баспасөз бұл оқиғаны Екінші дүниежүзілік соғыстан берідегі ең ауыр нәсілшілдік шабуыл деп атаған болатын.

AZATTYQ Facebook-та
AZATTYQ VK-да
AZATTYQ Youtube-та
Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз