Без Категории

Германиядан келген бизнес-джетте болған жеті адамнан вирус табылды

13 наурызда Қазақстанға Германиядан ұшып келген жеке борттағы 12 адамның жетеуінен коронавирус табылды.

Германиядан келген бизнес-джетте болған жеті адамнан вирус табылды

Бұл туралы 25 наурызда Алматы қаласы қызметтер мен сапаны бақылау департаменті хабарлады.

Департаменттің дерегінше, вирус жұқтырғандардың алтауы – жолаушы, біреуі – бортсеріктес.

Қазақстанда коронавирус жұқтырған алғашқы адам 13 наурызда анықалған. Ол осы бизнес-джетпен Германиядан Нұр-Сұлтанға ұшып келген еді.

Қазір жеке ұшақпен келген барлық адам карантинде.

25 наурыздағы дерек бойынша, Қазақстанда 79 адам коронавирус жұқтырған. Алматыда — 31 адам, Нұр-Сұлтанда — 41 адам, Қарағандыда — 2 адам, Алматы облысында — бір адам, Ақтөбе облысында — бір адам, Шымкентте — бір адам, Жамбыл облысында — бір адам, Солтүстік Қазақстан облысында бір адам емделіп жатыр.

Тегтер: Без Тега
Қуаныш  Қаппас
Қуаныш Қаппас Қуаныш Қаппас

Оқыңыз