Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:21, 29 Қараша 2021

Ғибраты мол байқау

None
None

Алматыда  Абай атындағы РММИ-дің ұйымдастыруымен  республикалық ІІI «Ділмар» шешендік өнер байқауы өткізілді.

Байқауға еліміздің 11 облысы, 3 қаласынан, Абай желілік мектептері мен Республикалық мектеп-интернатынан іріктелген 22 оқушы қатысты. Ұлттық болмысымызды айшықтайтын ереше өнер байқауының мақсаты оқушыларды бабалар мұрасын білуге, құрметтеуге, кітап оқуға, жан-жақты ізденуге, әсіресе, би-шешен, ақын-жыраулардың шығармашылығын оқып, одан терең ғибрат алып, өмірде қолдануға бағыттайды.

Шешендік өнері байқауы барысында оқушылар  ІҮ кезең бойынша белгілі тақырыпқа байланысты мақал-мәтел, нақыл сөздерді қолдана отырып,  тақырыптың мазмұнына сай мәтін дайындап, арнайы сауалдар дайындау арқылы сынға түсті.

 Қазылар алқасының шешімі бойынша оза шапқан от тілді, орақ ауызды бала ділмарлардан бас жүлде Шыңғыс Наурзханға бұйырды. Ал І орынды Бағжан Болатбеков пен Әсем Жанатова, ІІ орынды Нұрлыайым Үргенішбаева, Дилназ Қалдыбек, Рамазан Қожымұқановтар иеленсе, ІІІ орынды Алмас Айтжанов, Әмина Жақсылықова, Алуа Бекбаулова мен Ақмаржан Саматқызылар иеленді.

Шара соңында жеңімпаздар ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовтің қолы, мөрі қойылған дипломдар мен мектеп-интернат түлегі, кәсіпкер Аманжол Рысмендиевтің демеушілігімен бас жүлдеге 70 мың, І орынға 50 мың, ІІ орынға 30 мың, ІІІ орынға 20 мың теңге көлемінде ақшалай сыймен марапатталды. Ал алғыс хат иелері қазыналы кітаптарға ие болды.

Тегтер: