Руханият

Головкин футболдан Қазақстан құрамасын қолдау үшін Астанаға келеді

Атақты боксшы Геннадий Головкин футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан — Солтүстік Ирландия матчын тамашалау үшін Нью-Йорктен Астанаға келеді.

Головкин футболдан Қазақстан құрамасын қолдау үшін Астанаға келеді

«Жақында үйде боламыз. Ұлттық құрамамызды қолдау үшін 10 қыркүйекте футболда кездесеміз», — деп жазды Головкин Instagram-парақшасында.

Қазақстан мен Солтүстік Ирландия құрамаларының ойыны 10 қыркүйек күні «Астана-Арена» стадионында өтеді. Матч елорда уақытымен 19:00-де басталады.

Тегтер: Без Тега
Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі Сайт Әкімшілігі

Оқыңыз