Головкиннің рингке қайта оралуы туралы тың ақпарат шықты
Бокс агенті, инсайдер және кеңесші Рик Глейзер қазақстандық орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бірқатар тиімді ұсыныстарға қарамастан, рингке қайтпайтынын айтты.
Головкин өзінің соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың қыркүйегінде өткізіп, Лас-Вегастағы үшінші жекпе-жекте Сауль «Канело» Альварестен жеңілген болатын.
«GGG 16 ай бұрын «Канелодан» жеңілгеннен бері жекпе-жек өткізген жоқ, өз еркімен әлемдік титулдарынан және бірнеше тиімді ұсыныстардан бас тартты. Ол сәуірде 42 жасқа толады. GGG жай ғана зейнетке шыққан сияқты, бірақ ресми хабарландырусыз», - деп жазды Рик әлеуметтік желіде.
Жазылушылардың бірі Глейзерден Геннадийге осы «пайдалы ұсыныстарды» жасаған боксшылар кім екенін сұрады.
«Олардың аты-жөнін атамағанды жөн көрдім, - деп жалтарып жауап берді бокс агенті.